2016 жылғы 31 наурыз, Астана, Үкімет Үйі
«Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі №857 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі №857 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., №48, 489-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пункттерінің тізбесінде:
реттік нөмірі 3-жол алып тасталсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.